Қызметкерлерің соңына дейін оқитын ағылшын курсы.

Tutoro-мен әр қызметкердің ағылшын тілінен жеке AI мұғалімі болады. Сабақтары репетитормен оқығандай сапалы әрі күнде оқуға ынталандырады.

Баста

Таныстырылымға жазыл

Әр қызметкерге айына $9 бастап. Жазылымнан кез келген уақытта бас тарта аласың.

Tutoro қалай жұмыс істейді · 2 мин

Қалай жұмыс істейтінін көр

Видеоны жап

  • Жаңа деңгей

    A1 → A2

  • + 138 XP

    Ең нәтижелі күн

  • Жекпе-жекте жеңді

    Раундтар есебі 3:1

  • Бүгінгі тапсырмаларды аяқтады

    3 / 3

  • 30 күндік Streak

    Бір күн де қалдырмады

  • + 250 тиын

    Апталық бонус

  • Жаңа деңгей

    A2 → B1

  • Лигада бірінші орында

    30 қатысушының ішінде 1-орын

  • Жаңа мұғалімді ашты

    Katie

  • Бәрі дұрыс

    12 сұрақтың 12-сіне дұрыс жауап

  • Модуль аяқталды

    Саяхат

  • Алғашқы толық сөйлем

    Дауыстап айтты

  • Қатарынан бес сабақ

    Бір отырғанда

  • Жаңа киім алды

    5 000 жұмсады

  • Жаңа деңгей

    B1 → B2

  • Ауызша тесттен өтті

    Екінші талпыныста

Компаниялар бізге сенеді

  • 500

    +

    компания

    қызметкерлерін Tutoro арқылы оқытып жүр

  • 1M

    +

    қызметкер

    күн сайын оқиды

  • 87

    %

    белсенді пайдаланушылар

    90 күннен кейін де оқуын жалғастырып жүр

  • Northbeam

  • ALTAVIA

  • Quadra

  • helioworks

  • Verado

Tutoro компанияңа не береді?

Күніне телефонмен небәрі 15 минут оқыса жеткілікті. Сабақ кестесіне бейімделудің қажеті жоқ. Компанияңа қандай пайда әкелетінін көр.

  • Мәміле жасауға көмектесетін ағылшын тілі

    Басшылардың 49%-ы түсініспеушілік салдарынан халықаралық мәміле жүзеге аспай қалғанын айтады. Tutoro қызметкерлеріңнің ағылшын тілін жетілдіреді әрі репетитордан 50 есеге дейін арзанға түседі.

  • Қызметкерлерің қалдырмай қатысатын сабақтар

    AI-мен жаттыққандар ағылшынша сөйлеуде мұғаліммен оқығандардан жақсырақ нәтиже көрсетті. Tutoro күнде жаттығуды әдетке айналдырады, ал ойын элементтерінің арқасында қызметкерлердің 88%-ы оқудан көбірек ләззат алады.

  • Өз мамандарыңды дамыт, жаңа адам іздеуге аз жұмса

    Оқуға мән беретін компанияларда қызметкерлердің тұрақтап қалу көрсеткіші 57% жоғары, ал компания ішінде басқа қызметке ауысу 23% жиірек кездеседі. Демек, сырттан адам іздеуің де азаяды.

Басқа нұсқалармен салыстыр

Tutoro несімен артық?

Қызметкерлерің өзіне ыңғайлы кезде оқиды. Сенің ұйымдастыруға уақытың аз кетеді, шығының да алдын ала белгілі.

Баға тариф пен қызметкерлер санына байланысты

Топтық сабақтар

Жеке репетитор

Tutoro

  • Бір қызметкерге кететін шығын

    Айына $180 - $320

    Сағатына $40 - $120

    Айына небәрі $9 бастап

  • Сабақ кестесі

    Сабақтар бекітілген кестемен өтеді

    Сабаққа алдын ала жазылу керек

    Өзіңе ыңғайлы кезде оқы. Небәрі 15 минутың болса да жеткілікті.

  • Жеке тәсіл мен ынталандыру

    Бүкіл топ бір қарқынмен оқиды, ойын элементтері аз

    Сабақтың саған бейімделуі репетиторға байланысты

    Әр қызметкердің деңгейі мен мақсатына бейімделеді, ал ойын элементтері оқуға деген қызығушылығын сақтайды

  • HR үшін оқу нәтижелері

    Сабаққа қатысу есебі

    HR бөлімі оқу нәтижесін толық көре алмайды

    Үнемі жаңарып тұратын бақылау тақтасы + оқу нәтижелері туралы есептер

  • Бүкіл компанияны оқыту

    Топ көбейген сайын ұйымдастыру қиындайды

    Әр жаңа қызметкер қосылған сайын шығын да, ұйымдастыру жұмысы да көбейеді

    Барлық қызметкерді оқуға қосу оңай

Алғашқы қадамдар

Қалай жұмыс істейді?

Қызметкерлерге орын сатып ал да, оларды шақыр. Бәрі бүгін түстен кейін-ақ оқуды бастайды.

  • Қатысушылар санын таңда

    Қызметкерлер санын және жазылым мерзімін таңда.

  • Әріптестеріңді шақыр

    Электрондық пошта мекенжайларының тізімін қой немесе бәріне тіркелу сілтемесін жібер.

  • Қызметкерлер ағылшынша сөйлей бастайды

    Сілтемені бір басып, алғашқы сабағын бірден бастайды.

  • Ілгерілеуін бақыла

    Streak, апта ішіндегі белсенділік пен деңгейдің өсуі - бәрі бір экранда.

Тұрақты оқу

Қызметкерлер неге оқуды тастамайды?

  • Нағыз сабақ. Дауыстап сөйлес

    Сен сөйлейсің. Мұғалімің жауап береді, түсіндіреді, әңгіме арасында жаттығулар ұсынады.

  • Кез келген жағдайға дайындал

    Жұмысқа орналасу сұхбатына дайындал, дәрігермен сөйлесіп жаттық, шытырман оқиғаға қатыс немесе өз сценарийіңді ойлап тап.

  • Кіммен сөйлесетініңді өзің таңда

    Әр мұғалімнің өз акценті, өз мінезі бар. Өзіңе тілдескен ұнайтынын таңда.

  • Нені жақсарту керегі бірден көрінеді

    Әр сабақтан кейін ұпайларыңды қарап, қай қателерді жиі қайталайтыныңды біл.

  • Үйренген сөздерің есіңде қалады

    Ұмыта бастаған сөздерді әбден есте сақтағанша шағын ойындарда қайталайсың.

  • Шексіз лента емес, нақты оқу жолы

    Әр сабақ сайын картада алға жылжисың, ал бір әлемді аяқтасаң, келесісі ашылады.

  • Деңгейіңді көтер. Кейіпкеріңмен бірге

    Өз кейіпкеріңді жаса. Ол әр сабақ сайын деңгейін көтеріп, жоғары лигаларға өтеді.

HR МАМАНДАРЫНА

Қызметкерлеріңнің оқып жүргенін әрдайым біліп отырасың

Кім оқып жүр, қалай ілгерілеп келеді, ағылшын деңгейі қандай? Бәрін бір панельден көресің. Әр қызметкерден есеп сұрап жүрудің қажеті жоқ.

Қызметкерлердің белсенділігі

Соңғы 30 күн · үлгі деректер

  • Қолданыстағы лицензиялар

    Ақысы төленген орындардың қаншасын қызметкерлер апта сайын пайдаланатынын көр

  • Әр қызметкердің ағылшын тілін білу деңгейі

    CEFR шкаласы бойынша A1-C1. Деңгей көрсеткіші оқу барысында жаңарып отырады.

  • Әр қызметкердің белсенділігі

    Апта бойы оқуға жұмсалған минуттар, аяқталған сабақтар және Streak

  • Қаржы бөліміне қажет есеп қашан да дайын

    Экранда көріп тұрған деректерді CSV форматында жүктеп ал.

Tutoro кімдерге арналған?

Ағылшын тілін сәл жақсартса да, күнделікті жұмысы едәуір жеңілдейтін мамандарға арналған.

Баста

  • Қолдау қызметтері

  • Сату

  • Бағдарламалау

  • Қонақүй және мейрамхана ісі

  • Бөлшек сауда

  • Денсаулық сақтау

  • Маркетинг

Клиенттер тәжірибесі

Үш компанияда не өзгерді?

  • Бұрын қызметкерлердің ағылшын тіліне қызығушылығы тез басылып қалатын. Tutoro-мен олар ықыласпен оқиды, сабақты тастамайды. Мұны компанияның пайдалы қосымша мүмкіндігі деп бағалайды. Қызметкерлердің жұмысқа көңілі де тола түсті.

    Персонал жөніндегі директор

    Northbeam

  • Мамандарымыз енді шетелдік клиенттермен сенімдірек сөйлеседі. Мәселелерді басқаларға тапсырудың орнына көбін өздері шешеді. Ойын анығырақ жеткізеді, өз бетінше жұмыс істейді. Соның арқасында клиенттер де сапалы көмек алады.

    Қолдау қызметінің жетекшісі

    Altavia

  • Енді оқуға жұмсаған қаржымыздың қандай нәтиже беріп жатқанын анық көріп отырмыз. Tutoro аналитикасы қызметкерлердің қаншалықты белсенді оқитынын, қалай ілгерілегенін және қай дағдыларын жетілдіру керегін көрсетеді. Шешім қабылдағанда нақты деректерге сүйенеміз.

    Операциялық директор

    Helioworks

Бағалар

Әр қызметкерге айына $9-дан бастап

Қанша қызметкер оқиды?

Қызметкерлеріңнің бәрін жеңілдікті бағамен оқыт.

әр қызметкер үшін айына

Топтық сабақтардың құны

Жеке мұғаліммен сабақтардың құны

Бірге есептеп көрейік

1,000 адамнан көп қызметкер оқитын болса, компанияңа жеке баға ұсынамыз. Орын санына қарай жеңілдік жасап, төлем шотын береміз. Сату бөліміндегі мамандарымыз шығынды сенімен бірге есептейді.

Демоға жазыл

Жазылым мерзімі

қатысушы

Tutoro, өзіңе сай тариф

Жазылымды қалаған кезде тоқтат

Қанша қызметкер оқиды?

Бүкіл ұжымыңа жеңілдігі бар ортақ бағамен қызыға оқуға мүмкіндік бер.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Компаниямызда Tutoro-ны қолдануды қалай бастаймыз?

    Компанияңа аккаунт аш, қанша орын керегін таңда да, қызметкерлеріңді шақыр. Әрқайсысы өз деңгейі мен мақсатына сай ағылшын тілін үйренеді. Алдымен Tutoro қалай жұмыс істейтінін көргің келе ме? Таныстырылымға жазыл.

  • Tutoro қанша тұрады, қалай төлеймін?

    Tutoro-да бір қызметкердің айлық оқу ақысы $9 сомасынан басталады. Кемінде 5 қызметкер қосу керек. Картамен төле немесе компания кабинетінде төлем шотын бірден жаса.

  • Сатып алған орынды басқа қызметкерге беруге бола ма?

    Иә. Қызметкер жұмыстан кетсе немесе енді оқымайтын болса, оның орнын басқа адамға бере аласың. Әр қызметкер ауысқан сайын жаңа орын сатып алудың қажеті жоқ.

  • Орын санын кез келген уақытта көбейтіп не азайта аламын ба?

    Қажетіне қарай орын санын көбейт немесе азайт. Тек кемінде 5 орын қалуы керек. Төлемнің қалай өзгеретіні жазылым шарттарына байланысты.

  • Қызметкерлер Tutoro арқылы не үйренеді?

    Tutoro-да ағылшын тілін жан-жақты үйренуге болады: AI репетитормен сабақ өтесің, сөйлесесің, тыңдап түсінуді жаттықтырасың, мәтін оқисың, интерактивті тапсырмалар орындайсың. Қосымша сөздерді қалай айтқаныңды тексеріп, бірден кеңес береді. Бәрі бір қолданбада.

  • Tutoro әр қызметкердің ағылшын деңгейіне бейімделе ме?

    Иә. Tutoro әр қызметкерге деңгейі мен мақсатына сай оқу жоспарын ұсынады. Ал ойын түріндегі тапсырмалар оқуға қызығушылығын сақтауға көмектеседі.

  • Қызметкерлер күніне қанша уақыт оқуы керек?

    Бір сабаққа 15 минут та жеткілікті. Қызметкерлер өздеріне ыңғайлы кезде оқиды. Белгіленген кестеге бейімделудің де, сабаққа алдын ала жазылудың да қажеті жоқ.

  • Tutoro қызметкерлердің оқуға деген қызығушылығын қалай сақтайды?

    Tutoro әр қызметкерге лайық сабақтар, ойын тапсырмалары, марапаттар мен интерактивті жаттығулар ұсынады. Сабаққа күнде оралғың келеді, сөйтіп оқу біртіндеп әдетке айналады.

  • Кадр бөлімі әр қызметкердің оқу нәтижелерін қадағалай ала ма?

    Иә. Компанияның басқару панелінен әр қызметкердің қаншалықты жиі оқитынын және қандай жетістікке жеткенін көресің. HR мамандары кімнің сабаққа қатысып жүргенін де, бүкіл ұжымның ілгерілеуін де бақылай алады.

  • Қызметкерлерге корпоративтік пошта қажет пе?

    Жоқ. Шақыру коды жұмыс поштасына байланбайды. Кодты кім қолданса, орын соған беріледі. Қызметкер Tutoro-ны жеке аккаунтымен қолданып жүрсе, Streak көрсеткіші, лигасы мен сөздігі сақталады. Орын сол аккаунтына қосылады.

  • Қосылу үшін кемінде қанша қызметкер керек?

    Бастау үшін небәрі 5 қызметкер жеткілікті. Tutoro шағын ұжымдарға да, өсіп келе жатқан компанияларға да қолайлы.

Нәтижеге жеткізетін әдет

Қызметкерлеріңе ағылшын тілін үйренудің ыңғайлы жолын ұсын. Әрқайсысының деңгейі мен мақсатына сай қызықты сабақтарға жұмыс күнінде де уақыт табылады.

Баста

Демоға жазыл